С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алған магистрлердің екінші легінің диплом алу шарасы өтті.

Жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарда университет ректоры, филос.ғ.докторы Г. Ахметова құттықтады. Биылғы жылы университеттен Павлодар облысының қалақұраушы кәсіпорындар мен әлемнің танымал университтерімен бірлесіп әзірленген білім беру бағдарламалары негізінде электроэнергетика, құрылыс, мұнай-химия және металлургия төрт бағыт бойынша 228 магистр даярланды. 

Түлектер қауымына дипломдарды ЖОО басшылығы, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері тарту етті. 

Түлектердің қуанышына «Казахстанский электролизный завод» АҚ, «Алюминий Казахстана» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ, «KSP Steеl» ЖШС, «Нефтехим LTD» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС және өзге кәсіпорындардың өкідері ортақтасты. 

Салтанатты шара университет филармониясы шығармашылық ұжымдарының концертіне ұласты.