Қазақстандағы VII Қысқы Универсиада шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ерлер мен әйелде арасында армреслинг жарыстары өтті.

Қазақстандағы армреслинг Федерациясының бас төрешісі Сергей Соколовтың айтуынша, жарысқа еліміздің жоғары оқу орындарынан келген 16 құрама команданың 200-ден астам спортшысы қатысқан. Бұл – студенттер арасында армреслинг спортының қарқынды дамуының дәлелі.

«Жарыстар ерлер арасында 11 салмақ дәрежесі бойынша өтті: 55-тен 110 келіге дейін. Әйелдер арасында алты салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды (50-ден 80+ келіге дейін)», - дейді Сергей Александрович.

Реферидің сөзінше, аталмыш жарыстар екісайыс қайғидаты бойынша өтуде, сондықтан қызығушылық та жоғары. 

«Армреслерлер арасында оң және сол қол ойындарының техникасын қатар меңгерген спортшылар кемде кем. Бұл жолы екісайыста шеберліктерін көресеткендер болды. Ойын ережесі бойынша ұпайлар есептеліп, жеңімпазды анықтадық», - дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Универсиаданың жабылу салтанаты өтеді.