Павлодар мемлекеттік университетінде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры филос.ғ.кандидаты Гаухар Ахметова студенттерге қызмет көрсету орталығы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті. 

«Студенттерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі күні орталық құрылымында негізгі екі сектор бар: оқу-білім және әлеуметтік-тәрбиелік. Мұнда жоғары оқу орнына түсу,  университеттен шығаруға құжаттар қабылдау, студенттік билеттерді беру, мұрағаттық және академиялық анықтамалар беру сияқты қызметтер көрсетіледі. Жалпы саны – 40», - дейді Гаухар Ахметова. 

Ректор өз сөзінде тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызмет көрсету үрдісі барынша оңтайландырып, қағазбастылықтан арылту бағытында тиісті жұмыстар қолға алынатынын тілге тиек етті. 

Сонымен қатар, орталықта Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының жұмысы ұйымдастырылады. 

Жаңа механизмдер «Paper free» («Анықтамасыз қызмет») және «Digital by default» («элекронды формадағы қызмет») атты заманауи принциптер бойынша жүзеге асырылған.