Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов және ҚР Білім және ғылым министрілігі білім беру және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі Комитет төрағасының м.а. Талғат Ешенқұлов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болды.

Кездесу барысында ПМУ ректоры филос.ғ.к Гаухар Ахметова университет бойынша кешенді таныстыру экскурсиясын өткізді. 

Меймандар халықаралық стартап академия, Ә.Марғұлан атындағы ғылыми орталығының көп жылғы зерттеулері, сирек кездесетін кітаптар қорының басылымдары мен «Дос-Мұқасан» вокалдық-апаптық ансамблі музейінің жәдігерлерімен танысты. 

Сонымен қатар, университет ғалымдары мұнай-химия бағытындағы зартханалар, ғылыми мектептердің негізгі даму тетіктері және агротехнология, микробиология салаларындағы инновациялық жұмыстарын таныстырды.