С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының студенттері Абылай хан атындағы халықаралық қарым-қатынас және әлем тілдері университетінде өткен республикалық пәндік олимпиададан жүлделі орындармен оралды.

Зияткерлік жарысқа еліміздің 26 жоғары оқу орнында білім алатын студенттер қатысты. Білімділер олимпиадасына жеңімпаздарды іріктеу үш кезең бойынша өтті. 

«Аударма ісі» мамандығы бойынша екінші курста оқитын Тимур Сәкетов терең білімі мен шығармашылық қабілетінің арқасында тапсырмаларды табысты орындап, екінші орынға ие болды. 

«Екі тапсырма жүктелді. Аудиожазба форматындағы мәтінді жазбаша және ауызша аудардық. Қиындығы сол, 348 белгіден тұратын криптовалюта туралы мәтінді аз уақыттың ішінде мағынасы мен мазмұнын бұзбай тәржімалау керек болды. Авторлық стильді сақтау пен түпнұсқадай аудару да бар», - дейді Тимур. 

«Шетел филологиясы» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтары бойынша оқитын Аңсат Джамалбаев, Евгения Мельникова мен Нұргүл Адамжанова да жақсы нәтиже көрсетті. Олар «Алғыс хаттарға» ие болды. 

«Кафедрамыздың студенттері осы тектес олимпиадаларға жыл сайын қатысып, шеберліктерін шыңдайды. Республикалық деңгейдегі  жарыстар білімдерімізді сарапқа салып, тексеруге зор мүмкіндік береді. Павлодар мемлекеттік университетінің командасы – көшбасшылар сапында. Жастар ең қиын тапсырмаларды мүдірмей орындады», - дейді команда жетекшісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Әсел Ахметбекова.