С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры филос.ғ.к Гаухар Ахметова Қазақстан және Мажарстан ректорлары форумына қатысты.

Форум алаңында білім беру жүйелері, жоғары оқу орындары мен компаниялар арасындағы гуманитарлық, жарастылыстану және іргелі ғылыми тәжірибелер салаларындағы серіктестік, сонымен қатар, өзара байланыс бойынша нақты жоспарларды әзірлеу мәселелері талқыланды. 

«Осындай халықаралық тәжірибе білім беру бағдарламаларын шетелдік үйлесімі бар инновациялық элементтермен байыту және білім алушылар үшін оқу курстарын тереңнен меңгеруге қолжетімділікті арттыруға қажет», – деп атап өтті Г. Ахметова

Сонымен қатар,  Шығыс Мажарстан университеті, Матвей Корвин атындағы Будапешт университеті, Дунайварош, Сегеда университеттерінің өкілдерімен іскери келіссөздер жүргізілді. 

Кездесу нәтижесінде Дебреценск университетімен меморандумға қол қойылды. Құжат негізінде академиялық алмасу, ғылыми зерттеу, конференциялар мен мәдени бағдарламалар бойынша нақты істер атқарлымақ.