Бұрнағы күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Мемлекет басшысы Н.Ә Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы кеңінен талқыланды.

Бұл шара тарихшы, әлеуметтанушы, саясаттанушы, қоғамдық қауымдастық өкілдері мен студенттердің басын қосты.  

Елбасының кітабы Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірі туралы жан-жақты паш етілген. Қазақ елінің қалыптасу тарихы  туралы рет-ретімен айтылып, Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығының тарихы туралы айқын жеткізілген.

Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ержан Торайғыровтың айтуынша, кітаптың алғашқы парақтарынан-ақ оқырман қауым Тәуелсіздік жолында атқарылған тың жұмыстар, халықтың күш-жігері мен маңызды саяси өзгерістер туралы түсінеді. Туындыда жаһандық экономикалық сын-тегеуріндерге төтеп берген жас мемлекеттік турихы туралы танысуға болады. Себебі, әр ел азаматы бұл Қазақстанның талай қиындықты жеңгенін жақсы түсінеді.

«Тәуелсіздік дәуірі» еліміздің шежіресі деп ауыз толтырып айта аламын.  Халықтың бүгіні мен ертеңі және болашағынан ажырамас шежіре іспеттес. Бұл шығарманың құндылығы болмақ», - дейді Ержан Мұратұлы.