Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің металлургия, машина жасау және көлік факультетінде «Аймақтың металлургиялық кешенінде тиімді технологияларды қолдану» тақырыбында семинар өтті.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауында көліктік-логистикалық инфрақұрылым мен зияткерлік көліктік жүйені енгізудің тиімділігін арттыру керектігін жеткізді.

Жиналған қауымның алдында т.ғ.к, профессор Б.Г. Жанахутдинов., т.ғ.д. профессор Е.К. Ордабаев., факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.В. Маздубай баяндама жасады. Өндірістік революцияның қарқын алу туралы т.ғ.к., профессор И. А. Шумейко әңгімелеп берді. 

Бүгінгі күні факультетте металлургиялық кәсіпорындарда энергия үнемдеу, металлургиялық өндіріс қалдықтарын азайту мен шикізаттарды қайта өңдеу деңгейін азайту бойынша ғылыми жұмыстар атқарылуда. 

Оқытушылар ауыл шаруашылығын механизациялау жұмысына баса назар аударуда. Агроөнеркәсіптік кешен үшін техникалық құрамын талдамалау жұмыстары жүргізілуде. 

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар тасымалдауды ұйымдастыруғ қозғалыс және көлікті пайдалану мамандығына зияткерлік көлік жүйесі пәнін енгізу туралы пікірлерін ортаға салды.