С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Дарындыға - дархан жол» атты зияткерлік ойын өтті.

Жарысқа университеттің «Foundation» факультетінің студенттері мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университететінің студенттері қатысып, білімдерін сарапқа салды. 

Қатысушыларға физика, математика, тілдер, әдебиет және басқа да бағыттар бойынша тапсырмалар берілді. Әр кезеңде қатысушылар зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты сарапқа салды. 

Сайыс қорытындылары бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің намысын қорғаған «Жалын» тобы жеңіске жетті. 

Екінші орынға Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Кереку» тобы ие болды.