С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Foundation» факультеті дайындық бөлімінің тыңдаушылары көші-қон басқармасының өкілдерімен кездесті.

Тыңдаушыларға құжаттарды ресімдеу мерзімдері, Қазақстан Республикасында болу уақытын асырып жіберген жағдайдағы әкімшілік заңбұзушылықтар туралы кеңінен әңгімеленді. 

Бүгінгі таңда факультетте 80 тыңдаушы-шетелдік азамат бар. Жастар Қытай, Моңғолия және Өзбекстан елдерінен келген. 

Көші-қон полициясының инспекторы Лаура Шакарова шетелдік студенттерді тұрақты тіркеуге қою, этникалық қазақтарға азаматтық алу және елде тұруға рұқсат алу процедуралары туралы айтып берді. 

Маман өз сөзінде кез келген шетелдік азамат Қазақстанда орын теуіп өмір сүру құқығына ие бола алатынын тілге тиек етті. Бұл санаттағы азаматтарға сайлауларға қатысуға және мемлекетті коргандарда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.