С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Юрий Рыбалко Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толғанына орай ұйымдастырылған әскери-патриоттық фестивальде бірінші орынға ие болды.

Шара Павлодар қаласы және облысының «Ауғанстан және локальды соғыс мүгедектері мен ардагерлері»  қоғамдық қорының мұрындық болуымен өтті. 

Іріктеу турларының қорытындылары бойынша байқауға жоғары оқу орындары, мектептер мен колледждердің намысын қорғаған 30-дан астам үздік вокалист қатысты. Юрий Рыбалко А. Розенбаумның «А может не было войны» шығармасын орындады. 

«Ертіс жұлдыздары» оқу-продюсерлік орталығы эстрадалық студиясының жетекшісі Нелли Пиговаеваның айтуынша, бұл ән жайдан жай таңдалған жоқ. Шығарма вокал диапазонының кеңдігімен сипатталады, сонымен қатар, орындаушының әртістік шеберлігін барынша ашуға мүмкіндік береді. 

Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында конкурс жеңімпаздары Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толғанына орай ұйымдастырылатын гала-концертте өнер көрсетеді.