С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары облыс орталығында өткен әуесқойлар арасындағы аймақтық мылтық ату турнирінде жүлдегер атанды.

Жарысқа олыстың барлық аудандарынан 40-тай спортшы жиналды. Ерлер мен әйелдер арасында түрлі жас ерекшеліктер бойынша бақ сынады. 

Жарыс қорытындысы ойынша, 50 жастан асқан әйелдер арасында қысқы спорт түрі бойынша әлем чемпионы Нина Михайловна күміс жүлдеге қол жеткізді.

Көлік техникасы және логистика кафедрасының аға оқытушысы Руслан Мұқанов 30-39 жастағы ер адамдар арасында алтын медаль алды. Ол 10 метрлік атыс винтовкасыдан ату кезінде үздік нәтиже көрсетті.

«Мен мылтық атуға бала кезімнен әуеспін. Бірақ, жарыстарға өте сирек барамын. Өткен көктемде білім беру саласы қызметкерлер арасында спартакиадада үшінші орынды иелендім. Мен өзімнің жаттықтырушым Нина Михайловна екенін мақтан тұтамын», - дейді Руслан Батырбекұлы.