С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің саясаттану және басқару кафедрасының студенттері "Рухани жаңғырту және саяси білім беру" республикалық ғылыми конкурсқа қатысып, жүлделі орынға ие болды. Конкурс Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің базасында өтті.

Сайысқа Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларынан қатысушыларк елді.

Конкурс бірнеше кезеңдерден өтті: Олимпиада, теориялық және қолданбалы саясаттану бойынша ең үздік эссе және ең үздік ғылыми мақала. Бұдан басқа, «Үздік бейне» байқауына қосымша конкурс жарияланды.

Тақырыпты талқылау кезінде Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жетістіктері, мемлекеттің миссиясы, елдің одан әрі даму жолдары, сондай-ақ демократиялық құндылықтардың тарихи сабақтастығы туралы сұрақтар болды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша бірінші курс студенті Галия Шамшинова үшінші дәрежелі дипломға ие болды. Қазылар алқасының мүшелері Демелы Әменнің жұмысын үздік бейне ролик ретінде бағаланып, «Абсолютті жеңімпаз» сертификатымен марапатталды.

Команда жетекшісі, саясаттану және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Гульнара Шамшудинова, студенттердің мұндай шараларға қатысуы тәжірибе алу өте пайдалы болатынын, олардың жеке және кәсіби дамуына себеп болатынын атап өтті.