С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде еліміздің ең ұлық Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты шара болып өтті.

Жиынға қатысушыларды оқу орын ректоры, ф.ғ.к. Гаухар Ахметова құттықтап, бүгінгі күнгі ең басты бағыттардың бірі  - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан, «Модернизация 3:0», «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» сынды мемлекеттік бағдарламаларды орындау екенін атап тті.

Гаухар Ахметова өз сөзінде осы аталған бағдарламалардың барлығы ПМУ-да жоғары деңгейде атқарылып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, ол салтанатты шара барысында бірқатар азаматқа С.Торайғыров атындағы Алтын медалімен,Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, облыс әкімінің және «Нұр-Отан» партиясының Алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік шара студенттік филармонияның қызметкерлері дайындаған концертке жалғасты. Университет хорының өнерпаздары мен әскери кафедра студенттері шырқаған әнұран ерекше көңіл күй сыйлады.