2017 жылдың 20 қарашасынан бастап 2017 жылдың 1 желтоқсаны аралығында бес болашақ жас кәсіпкер Мәскеудегі Плеханова атындағы РЭУ-нің Бизнес-инкубаторында тағылымдамадан өтті

Іскерлік тәжірибе магистратурада дайындық аясында жүзеге асырылады және жаңа бастамаларына қолдау көрсетудің ең тиімді жолы болып табылады.

Тағылымдама барысында бизнес-инкубатордың директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Руслан Мамедов өз білімімен бөлісті.

Магистрант Арнагүл Бүркіттың айтуы бойынша, мұндай оқулардың болашақ бизнесмендерге берері мол. «Қысқа уақыттың ішінде біз көп нәрсе үйрендік, кәсіпкерлік туралы тәжірибе алдық. Біз Ресейде венчурлық қорларда және акселераторда болдық. Мысалы: Start Track, Moscow Seed Fund, Skolkovo, Интернет бастамаларын дамыту қоры. 

МФил-22н тобының екінші курс студенті Элина Паули өз әсерлерімен былай бөлісті.

«Оқу Ресейдегі ең ескі оқу орынында өтті. Университеттің тарихи ғимаратының атмосферасынан ғылымның нағыз ордасы екені байқалады. Бірақ кітапханаларында көп уақыт бола алмадық. Біз бұл кездесуден өз жобамыз үшін жаңа идея алдық, оны іске асырудың әр кезеңінде қандай қиындықтар болатынын анықтадық және одан шығу жолдарын да үйрендік», - дейді ол.