С.Торайғыров атындағы ПМУ да ректор кубогына арналған волейбол турнирі өтті. Жарысқа сегіз команда қатысты.

Жарыс қорытындысы юойынша, ойын барысында ерекше өнер көрсеткен гуманитарлық және педагогикалық факультеттің командасы жеңіске жетті. Ал, екінші орын әкімшілік-шаруашылық жұмыс командасына бұйырса, жүлделі үшінші орынға металлургия, машина жасау және көлік факультетінің командасы ие болды.

«Бүгінгі турнирден волейбол ойыны біздің қызметкерлердің ең сүйікті спорты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, - деді «Сұңқар» спорттық клубының жетекшісі Жаудат Аблеев. - Бұл – бізде дәстүрге айналған жарыс. Командалар жеңіс жолында барын сала білді және эмоционалдық ойындар болды. Ал, волейболшылардың жеңіске деген рух-жігерінің өте жоғары болғанын ойынның деңгейінен-ақ көруге болады.