Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Инновациялық технологиялар арқылы қоғамды ізгілендірудегі өнер мен білім берудің рөлі» тақырбында семинар өтті.

Семинар лекторы өнертану докторы, Алтай мемлекеттік университетінің докторы, Ресей суретшілер одағының мүшесі Тамара Михайловна Степанская болды.

Іс-шараға ЖОО-ның оқытушылары, Павлодар облысының он ауданының орта және арнайы орта білім беру мекемелерінің өкілдері келді. 

Тамара Михайловна тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесіне, өнер саласындағы гуманитарлық білімнің бірігуі мен жаңартылуына ерекше мән бере отыра, лекцияны ғылыми зерттеуді жүргізу әдістемесі бойынша өткізді. 

Тамары Степанскаяның біздің университетпен серіктестігі он жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақытта монографиялар, оқу әдістемелері жарық көрді, ол ПМУ оқытушыларының «өнертану кандидаты» ғылыми дәржесін алу үшін жазған диссертациялардың ғылыми жетекшісі де болды. 

Орындаушы өнері кафедрасының оқытушысы Жанел Абдалимова қазіргі жағдайда мәдениетті сақтау мен дамыту және жастарды рухани тұлға ретінде қалыптастыру мәселелері кенжелеп қалғанын атап өтті.

 «Мұндай фактіге жол беру – болашағымызды бұлыңғыр етеді. Сондықтан, білім беру, тәрбиелеу жүйесін ізгілендіру жағын қолға алу керек. Бұл бүгінгінің ең өзекті мәселесі болып табылады. Көркем мәдениетті дамыта отырып, тұлғаның рухани қасиеттерін қалыптастыруды зерделеу мәселесін толық, жанжақты қарастырған маңызды », – деді Ж. Абдалимова.