Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Қуаныш Ноян «Мені шыңдаған Серпін» Республикалық кәсіби біліктілік конкурсында үшінші орынды иеленді.

Ноян өзінің «Метеостанция на базе Arduino с WI-FI соединением» деп аталатын жобасын ұсынды.

Онда метестанцияны жобалау кезінде сенсорлар мен Arduino микроконтроллеріне Wi-Fi контроллерді қосудың жаңа схемасы жасалды.

Кафедра оқытушысы Серік Қамашевтің сөзінше, осы жоба көшедегі, үйдегі және жылыжайдағы нақты уақыт режиміндегі температура мен ылғалдылықтың өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді.

Іс-шара Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде осы облыстығы кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен өтті. Конкурсқа Қазақстанның 12 оқу орынында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқып жатқан 100-ден астам студент қатысты.