С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде халықаралық студенттер күніне арналған «MafiaParty» атты кеш өтті.

Студенттер биден конкурс ұйымдастырып, «аударылған» әннің жұмбағын шешу тапсырмасын орындады. Сондай-ақ, «В джазе только девушки» конкурсының арқасында қыздар қауымы әдемі косметиканың көмегімен одан ары құлпырып кетті.

Жарыстар өте көңілді өтті. Жеңімпаздар демеушілердің тарапынан құнды бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Мұндай көңілді кештер болашақта университеттің тамаша дәстүріне айналмақ. Бұл жаңа достар табудың, сабақтан кейін жақсылап демалып, көңіл көтерудің тағы бір қадамы. Сондай-ақ, әрине халықаралық студенттер күнін жоғары деңгейде атап өтудің көрінісі.