С.Торайғыров атындағы ПМУ-да әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған іс-шара өтті.

Кәсіби мерекенің құрметіне педагогика және психология кафедрасының студенттері зияткерлік викторинасын ұйымдастырды. Оған барлық курстың студенттері қатысты. Қатысушылар өздерінің білімдерін сынға салды. 

Әлеуметтік қызметкерлер күні дегеніміз - өзгелердің мәселелерін шешіп, олардың шешіміне көмектесетін адамдардың мерекесі.

Себебі көмекке мұқтаж жандарға кез-келген адам назар аудара бермейді. Ал, ол әлеуметтік қызметкерлердің қолынан келеді, -  Самал Антикеева.

- Әлеуметтік қызметкерлердің міндеті – адамдарға қажетті уақыттта көмек көрсете білу. Әлеуметтік қызметкерлер өз міндеттерін жай орындап қана қоймайды, олар болашақ үшін жұмыс істейді. Әлеуметтік салада қызмет ету оңай емес, бірақ қоғам үшін өте қажетті, - дейді кафедра меңгерушісі Айнаш Құдышева.