Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өткен «Bishkek Music Games» халықаралық орындаушылар байқауында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Орындаушылық өнер кафедрасының студенттері бірден үш марапатқа ие болды.

Конкурсқа Қырғызстан, Қазақстан және Ресей өкілдері қатысты.

Қазылар алқасы құрамында әртістер, профессорлар, Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының, Қырғыз Ұлттық Консерваториясының оқытушылары және т.б. болды. Музыканттар қобызда, домбырада және фортепианода ойнап, өз өнерлерін көрсетті.

Жәмилә Жексембаева Құманғазының «Қызыл қайын-серпер» күйін шертсе, Жұлдыз Сағитова А.Жаимовтың «Шалқымасын» шеберлікпен орындап шықты.

Қазылар алқасының бірауыздан шешімімен біздің студенттеріміз «Халық аспаптары» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Конкурс қорытындысы бойынша Диана Мулкаразова «Фортепиано» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Балалар мұндай жарыстарда жеңіске жету – кәсіби шеберлікті арттыра түсетінін мойындады және алдағы уақытта да осындай жеңіске жетуіне серпін беретінін ұқты.