С.Торайғыров атындағы ПМУ-ға «мирас» аймақтық кеңесінің мүшелері жұмыс сапарымен келді.

Студенттер үйінде өткен кездесу барысында комиссия мүшелері «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға келген студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты. Бүгінгі күні Павлодар мемлекеттік университетінде аталған бағдарлама бойынша 600-ге жуық студент білім алуда.

Айта кетейік, аталған жатақхананың бір бөлмесі адамға арналған. Сондай-ақ, таза асханасы, ыңғайлы оқу бөлмесі бар. Бұдан бөлек, Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілген компьютерлік бөлме, кітапхана және интернет кафесі бар. Комиссия мүшелері студенттерге жасалған жағдайға жоғары баға берді. 

Жаңа жатақхана 2015 жылы ашылып, бес жүз орынға есептелген. Мұнда заманауи жайлы өмір сүрудің барлық талаптарына қарастырылған.

Кездесу сұхбат форматында жалғасып, студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.