«Диссертацияны қалай жазады» Мұндай сұрақ ПМУ-дың ғылым және инновация департаменті ұйымдастырған семинарда магистранттар мен докторанттарға қойылды.

Дәстүрлі түрде өткізілетін осы семинарлардың мақсаты - ғылыми зерттеулер әдіснамасы бойынша білімді жүйелендіру, диссертация жұмысы туралы бастапқы идеяларды қалыптастыру және өздерінің эксперименталдық- зерттеу жұмыстарын жоспарлау.

Металлургия, машина жасау және көлік факультеті деканының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, т.ғ.к., доцент Алексей Богомолов сөз сөйлеп, дәріс оқыды.

Алексей Витальевичтің айтуынша, семинардың басты тақырыбы - жас ғалымдарды ынталандыру және ғылыми шығармашылыққа формальды көзқарасты болдырмау.

«Семинар-тренинг әрбір магистранттың ғылыми жұмыс жасауда тұрған маңызды мәселелеріне негізделген. Біздің міндетіміз - үлкен қателіктерден аулақ болу және диссертациялар мен ғылыми мақалаларды құру тәсілін дұрыс ұйымдастыру»- дейді ол.

«На семинаре-тренинге за основу были взяты самые важные и проблемы, с которыми сталкивается каждый магистрант при создании научного труда. Наша задача помочь избежать основных ошибок и правильно организовать подход к созданию диссертации и научных статей», – поделился Алексей Богомолов.

Сонымен қатар, пікір-талас барысында «ғылыми-жетекші – жас ғалым – отбасы – жұмыс беруші – кафедра» жүйесінің өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Қатысушылар шара соңында диссертация жазудың заманауи әдістерін меңгеру және дұрыс траекторияны құрудағы семинардың пайдасы зор екендігін атап өтті.