«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балаларға арнап кітап оқимыз» акциясы ұйымдастырылды. Оған облыстық және қалалық мәслихат депутаттары облыстық газеттердің бас редакторлары және басқа да азаматтар қатысты.

Аталған акцияны Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Аслан Әзербаев қабыл алды. Ол Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Михаил Зощенконың «Спустя три года» деген әңгімесін оқыды. 

«Баланың санасы – ол бір әлем. Кітап оқуға кішкентай кезінен үйрету керек. Сонда бала өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Мұндай шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе» - дейді ол.

Әңгімені тыңдап болғаннан кейін, балалар өмірлік жоспарларымен бөлісті, көптеген балалар өздерінің болашағын мұғалім мамандығымен байланыстырғысы келеді.

«Мен балалардың педагог саласы туралы жақсы пікір естіп, қуанышпен қайттым. Олардың көзінен болашақ ағартушылар мен тәлімгерлердің отын көрдім», - А. Әзербаев.