2017 жылдың 20 қазанында ПМУ бас корпусының фойесінде «Білік» газетінің 50 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

Газеттің мерейтойымен құттықтауға студенттерден тартып, декандарға дейін келді. Басылым осы жарты ғасыр уақыттың ішінде өз оқырмандарын қалыптастырып үлгерді.

Мереке барысында ПМУ-Fm студенттік радиостанциясының белсенділері газеттің 50 жылдығына арналған ұтыс ойындарын өткізді.Ұтыс ойынға газеттің жаңа нөмірін шығаруға атсалысқан 150-дей адам қатысты.

Ойынның соңында жеңімпаздарға  фото-сессиялар ұсынылып, футбол матчына және театрға билеттер берілді.

Газеттің бірінші саны «Знание» деген атаумен 1967 жылдың 1 қыркүйегінде жарық көрді және содан бері 1000-ға жуық тақырып жазылды. Осы уақыт ішінде 35 редактор ауысты.

Газет тарихына көз салсақ әр жылдары әртүрлі оқиғаларды еске салады. Мәселен 1999 жылы 90 шығарылымы басылып, қазіргі «Білік» атауы берілді және қазақ-орыс тілдерінде басыла бастады .

Бүгінгі таңда «Білік» газеті 12 бет көлемінде түрлі-түсті болып жарық көреді. Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары арасында тегін таратылады.

«Білік» газеті - университеттің көп қырлы тарихи өмірін және естен кетпес елеулі сәттерді сақтауда маңызды роль атқарады.