Жуырда С.Торайғыров атындағы ПМУ-да «Кино как исторический источник» киноклубының биылғы жылғы алғашқы отырысы болды. Киноклуб негізі 2014 жылы Қазақстан тарихы кафедрасының жанынан құрылған болатын, үш жылдық үзілістен кейін биыл жұмысын қайта жандандыруда.

Клуб ұйымдастырушысы, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Аслан Әзербаевтың пікірінше, бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістерін, моральдық өзгерістерді және шындықты әлемдік көзқараспен қайта қарауды көрсететін фильмдерді талқылауға арналған.

Бұл жолы киносүйер қауым режиссер Виктор Волковтың «Публикация» (1988) филмін талқылады. Онда болашақ тарихшылар, экологтар, биотехнологтар өз пікірлерін ортаға салды.

Көркем әдебиет секторының кітапханашысы Елена Лиханова кескіндеме жасау туралы қызықты деректермен бөлісті.

«Әлеуметтік сананың жағымсыз тұстары көрсетілетін фильмдерді талқылау адамның жағымды қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді, моральдық жағымсыз көріністердің алдын алуға көмектеседі», - деді ол.

Киноклуб ұжымы алдағы уақытта танымал ақын Виктор Цойдың шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап отыр.