С.Торайғыров атындағы ПМУ-ға Ноттингем Тент университетінің докторы Хафез Абдо жұмыс сапарымен келді. Профессор энергетика, қоршаған ортаны қорғау, инженерлік қауіпсіздік және экология бойынша дәрістер курсын өткізді.

Хафиз Абдоның ғылыми зерттеулері көбінесе қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, қазіргі заманғы энергияны зерттеу мәселелеріне байланысты: Яғни, оның инвестициялары, қауіпсіздігі және жаңаруы.

Доктор Х.Абдоның лекциялары ғылымның әр түрлі салаларымен ұштасқан, сондықтан университеттің бірнеше факультеттерінен тыңдаушылар болды.

Келіссөздер аясында Хафиз Абдо экономика және биология мамандығы бойынша оқып жатқан докторанттарға жетекшілік етеді.

Сонымен қатар, доктор Хафиз Абдо «Energy Research Journal» басылымының редакторы болып саналады. Ол докторанттарға, магистранттарға және жас ғалымдарға импакт-факторы жоғары басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялаудың құпияларымен бөлісті.