С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Гаухар Ахметова мен металлургия, машинажасау және транспорт факультетінің ұжымы теміржол және машинажасау өнімдерін өндіретін «Railways systems KZ» ЖШС-де болды.

Экскурсия барысында делегация  «Проммашкомплект» ЖШС, «RWS Binding» ЖШС, «RWS Concrete» ЖШС, «RWS Wheelset» ЖШС, «Railways systems KZ» ЖШС секілді кәсіпорындардың өндірістік процестерімен танысты.

Тараптар бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, дуальды оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әрі қарай дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы уағдаласты. Бұдан бөлек, студенттер мұнда өндірістік практикадан және тәжірибеден өту туралы шешім қабылданды.

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Гаухар Ахметованың айтуынша, «Railways systems KZ» ЖШС - республикадағы машинажасау саласындағы ең ірі кәсіпорын. Сондықтан, сапалы маман даярлау бойынша сенімді серік бола алады.