С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қарттар күні аталып өтілді.

Бұл мереке қарттардың кәрілігін еске түсіру емес, ардагерлерге алғыс айтып, оларға құрмет көрсету. Биылғы жылы Қарттар күніне орай Павлодар мемлекеттік университетінің 172 еңбек ардагері қаржылық көмек алды.

Алғашқы құттықтау сөзді ПМУ ректоры, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Гаухар Ахметова алып, зейнеткерлерді мерекемен құттықтап, олардың көп жылғы ерен еңбектеріне алғыс білдірді.

- «Сіздердің тағдырларыңыз біздің университетіміздің тарихымен тікелей байланысты», - деді ол. «Бүгін осы оқу орынның дамуына баға жетпес үлес қосқандарыңыз үшін тағы бір мәрте алғыс айтамын».

Одан кейінгі құттықтау университет ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанахуддинов Бари Ғазизұлына берілді. Университет филармониясының шығармашылық ұжымдары мен әншілері сыйлық ретінде көңілді концерттік бағдарламасын ұсынды.

Концерт барысында жігіттер мен қыздар тамаша вальс биін билеп, ерекше әсер алып тарқасты.