В Павлодарском государственном университете имени С. Торайгырова прошла Республиканская научно-практическая конференция «Театр. Культура. Духовность. Современность», посвященная 125-летию со дня рождения выдающегося режиссера, драматурга, одного из основателей казахского национального профессионального театрального искусства, народного артиста КазАССР Жумата Тургынбаевича Шанина.

Шараға келген қонақтарды ПМУ-дың ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Нұрлан Ержанов құттықтап, Ж.Шанин қазақ театрын ашқан тұлға ретінде тарихта қалғанын атап өтті. Ол өзінің жеке күш-жігерінің арқасында қазақ драматургия және режиссерлік өнерін дамытты, қазақ театрын кәсіби деңгейге көтерді.

- «Жұмат Тұрғынбайұлы ең бірінші қазақ драма театрын басқарды, ҚазССР-нің алғашқы Халық әртісі болды. Сонымен қатар, «Арқалық батыр» шығармасында режиссер, актер және драматург ретінде бірден үш рөлді атқарды», - деді Нұрлан Тельманұлы. 

Конференция барысында С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың қызметкерлері Жұмат Тұрғынбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұсынды.