С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың металлургия, машинажасау және транспорт кафедрасында ҚР Құрметті білім қызметкері, т.ғ.к. профессор Николай Дудак атындағы аудиторияның ашылу салтанаты болды.

Аудиторияны ашу құрметі металлургия, машинажасау және транспорт кафедрасының деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағановқа және Николай Степановичтің ұлы Владимир Дудакқа берілді.

Қонақтарды құттықтаған ПМУ-дың ғылыми жұмыс және инновация  жөніндегі проректоры, профессор Нұрлан Ержанов биыл Николай Степанович өзінің 80 жылдық мерейтойын тойлағанын атап өтті.

Николай Степанович металл кесетін құралдар мен лазерлік сенсорларды пайдаланатын бөліктердегі қателерді өлшеу әдістерінің жаңа ғылыми бағыттарын зерттеді.  Ол 400-ден астам ғылыми мақаланың, 50 патент және авторлық куәліктердің авторы. Н.Дудак ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісімен және университет алдында сіңірген еңбегі үшін «С.Торайғыров атындағы алтын медальмен» марапатталды.