2 қыркүйек күні Павлодар мемлекеттік университеті білім күні мен оқу жылының басталуын атап өтті. Ағымдағы жылы бірінші курс студенттерінің қатарына үш мыңнан астам білім алушылар қосылды.

Салтанатты іс-шараны С.Торайғыров атындағы ПМУ ректорының м.а. Н.Т. Ержанов құттықтау сөзінде: «Бүгіннен бастап сіздер Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері атағына ие болдыңдар. ПМУ – шексіз білім алу мүмкіндіктерінің әлемі. Мұнда ғылыммен  ғана емес, сіздердің шығармашылық әлеуеттеріңізді дамытуға барлық жағдайлар жасалған», - деп атап өтті. Бірінші курс студенттерін университет Ардагерлері кеңесінің  төрағасы,  т.ғ.к. Бәри Жанахутдинов пен бірінші курс магистранты Арнагүл Бүркіт құттықтады Арнагүл Бүркіт: «Білім күні –ізденіс пен шығармашылық  туындылардың мерекесі. Сіздерге шығарммашылық көңіл күй және білім мен ғылым кеңістігінде биік белестерге қол жеткізулеріңді тілеймін!»

Студенттерді университеттік филармонияның солистері концерттік бағдарламамен құттықтады. Мереке Гаудеамус гимнінің сүйемелдеуімен  университет жалауы көтерілуімен жалғасып, Сұлтанмахмұт Торайғыров мүсініне гүл шоқтары қойылды.