Баянауыл ұлттық паркінде орналасқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік тәжірибелер базасында химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті «Жасыл экономикадан жаңа экологиялық мәдениетке» атты жазғы мектебін өткізді.

Жазғы мектепке докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Студенттер кәсіби қабілеттерін шыңдап, география, туризм және экология салалары бойынша білімдерін ұштады. 

Жазғы мектептің іс-шараларына 40-тан астам адам қатысты, олардың қатарында Алтай университетінің оқытушылары мен студенттері де болды. 

Қатысушылар тренинг-семинарларға қатысты, баяндамаларын ортаға салып, талқылады, экскурсиялық серуендерге шықты.  

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар экотуризмнің дамуы және «жасыл экономика» туралы өзіндік тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше қорғалатын табиғи аймақтағы жұмыстардың маркетингтік технологияларының ықпалдастығын саралап, экологиялық туристік жаңа серуен бағыттарын құру мүмкіндіктері жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, қатысушылар аталмыш сала бойынша келешектегі ынтымақтастық туралы келісімге келді. 

Жазғы мектептің жыл сайын өтіп тұруы турасындағы ұсыныс көптің қолдауына ие болды.