С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен келді.

Тимур Құлыбаев «Павлодар» экономикалық аймағы, Екібастұздағы индустриялық аймақ пен осы алаңдарда келешекте қызмет ететін кәсіпорындардың жобаларымен танысып, олардың жұмыс бағыттарына қанық болды.

Сондай-ақ, қонақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Халықаралық стартап академиясын аралап, жас стартапшылардың кәсіптерін бағалады. Академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, философ.ғ.к., профессор Гауһар Ахметова «Атамекен» ҰКП басшысына жоғары оқу орнының оқу бағдарламасындағы кәсіпкерлік білім беру бағытындағы өзгерістер турасында баяндап берді. 

Бақтыгүл Қасымова мен Арнагүл Бүркіт мейман назарына ПМУ студенттерінің стартаптарын ұсынып, стартап академиясының  бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерімен бөлісті. 

Кездесу соңында С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері өз қолымен тіккен көбелек-галстукті «Атамекен» ҰКП басшысына сыйға тартты.