С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік униерситетінде Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Ақышев өзінің құттықтау сөзінде Отан үшін жанын қиған батыр бабаларымызды әркім есте сақтап, есімін құрметтеуге тиіс екенін атап өтті. 

Павлодар мемлекеттік университетінің белсенділері «Жеңіс лентасы» патриоттық шарасына қатысып, даңқты эстафетаны жалғастырды. Студенттер жерлестерінің кеудесіне жүзге жуық лента тақты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара бүгінгі ұрпаққа бейбіт күндерді сыйлаған Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет білдіріп, алғыс айтуды көздейді.  

«Жеңіс лентасы – ол сәнді нақыш емес, ол майдангерлердің мәңгілік ерлігіне құрметтің белгісі. Дұрысы, байламаны кеуденің сол жағына жүрек тұсына тағу», – дейді тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің бастығы Дана Мұхаметжанова. 

Шараның алғашқы күні студенттер қала тұрғындарының кеудесіне лентаның 100-ге жуық данасын тақты. Бұл шара 8 және 9 мамыр күндері де жалғасады. С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің студенттері тек осы шараға 1000 лента дайындады.