С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу мақсатында студенттер мен магистранттарға арналған белгілі теолог Жолдас Бертымұратовтың дәрістер курсы бастау алды.

Сұрақ-жауап форматында өткен диалогтық алаңда теолог күмән тудыратын және экстремистік сайттардағы жалған уағыздаушылардың  қауіпіне баса назар аударды. Жолдас Бертымұратовтың айтуынша, дін –адамдық қағидалар мен рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған мәдениеттің бір бөлшегі. 

Ұйымдастырушылардың ескеруінше, кейде діннің астарында адамзат үшін қауіпті дәстүрлі емес діндердің өкілдері тұруы әбден мүмкін.

«Көп ұлтты және көп дінді мемлекет жағдайында жастардың өте қырағы әрі тек ресми ақпарат көздеріне сенім артуы қажет. Соңғы уақыттағы жағдайлардан түйгеніміз: дінге қатысты жалған түсінік өте күрделі зардаптарға әкеліп соқтырады», – дейді тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімнің бастығы Дана Мұхаметжанова.