С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті, болашақ биотехнолог Эльнур Рахматуллин ұлттық «Kazakhstan Spelling Bee» байқауында жеңімпаз атанды.

Астана қаласында өткен байқаудың финалында қазақстандық жоғары оқу орындарының үздік студенттері, байқаудың өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары бақтарын сынады. 

Байқау шарты бойынша финал бірнеше кезеңнен тұрды. Жүргізушінің айтқан сөзін әрбір қатысушы екі минут ішінде әріптеп айтып беруі тиіс болды. 

Байқау АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық және достық қарым-қатынастың 25 жылдығы құрметіне және қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған «Тілдер үшбірлігі» жобасының аясында өтті.

Эльнур Рахматуллин байқаудан алған әсерімен бөлісті:

«Американдық достарымыздың ақжарқын көңіліне риза болдым. Мен көптеген олимпиадалардағы тәжірибеме сүйенсем, осы сынды шаралар өте салмақты өтуші еді, ал іс жүзінде бұл байқау достық көңіл-күйде өтті. Мен тіпті, шетелдік қонақтармен де, басқалармен де достасып үлгердім. Шынымды айтсам, қиын сәттер көп болды, әсіресе, алғашқы екі раундтарда қиындықтарға кезіктім. Сол кезде уақыт та орнында тұрып қалғандай болды. Содан, мен бір әзіл әңгімедегідей бұл сыннан да рахаттанып әсер алайын деген ойға келдім. Әрине, дайындықтарым да еш кетпеді. Қорытындылай келе, мен ағылшын тілін білетіндерге, тіпті, тілді орта деңгейде меңгергендерге осы сынды байқауларда білімдері мен мүмкіндіктерін сынап көруге кеңес беремін».