С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері масленицаны мерекеледі.

Масленица – славян халықтарының пұтқа табынушылық заманынан бері тойланып келе жатқан мереке. Бұл мейрамды тойлау дәстүрінің мұраты: қыспен қоштасып, көктемді күтіп алу. 

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің фойесінде дәстүрлі мерекелік тәттілерге толы дастархан, би мен ән әуелеген нағыз жәрмеңке өтті. 

Жыл сайынғы қойылымға студенттер, орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары және студенттік филармонияның белсенділері атсалысты. 

Халық мейрамы көңілді ойындарсыз өтпейтіні анық. Жиылғандар ойындарға  қатысып, жоғары оқу орнының естелік сыйлықтарын иеленді. 

Мерекелушілер үшін орыс халқының бай дастарханы жайылды, қонақтар бұл мерекенің басты нышаны – құймақтың дәмін татты. 

Павлодар мемлекеттік университетінде өткен айтулы мейрам жыл сайын дүстүрлі түрде тойланып келеді. Студенттер мен қызметкерлер күннің туылуына арналған мерекені тағатсыздана күтіп, қыспен қоштасып, көңіл жадыратар көктемді қарсы алады.