«Тарихи үрдіс және заманауи әлем: ХХІ ғасыр дилеммасы» тақырыбына өзек болған дөңгелек үстел «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйытқы болуымен өтті. Дөңгелек үстел жұмысына С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің тарихшылары мен саясаттанушылары, сонымен бірге, Қазақстан халқы кітапханасы мен «Бірлік» студенттік ассамблеясының өкілдері қатысты.

Пікірталаста «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылады.  

Отырысты «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Зулейха Марданова ашты. Т.ғ.д., «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Сәуле Мамытова өз баяндамасында қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен заманауи уақытқа сай екенін ескеріп, демократияның даму тарихына үңілді, табыстары мен мәселелерін саралап шықты. 

Сарапшылар мен магистранттар Қазақстандағы, жаһандық тәжірибедегі саяси жүйенің демократизациялануы және парламентаризм тарихы туралы пікірлерімен бөлісті.