Жуырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері» IV Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті.

Конференция  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  арналды. 

Конференция жұмысына он екі жоғары оқу орындары қатысты. Жиында белгілі қоғамдық қайраткерлер, ҚР Сенат пен Парламент  Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдары жетекшілерінің қатысуымен төрт секция жұмысы жасады. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ басқару және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.к., профессор Ильдар Қалиев өз баяндамасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік бірегейлік стратегиясы ұлтаралық келісім және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз еткеніне және жаңа ұлт – қазақстандықтардың қалыптасуы үшін шынайы мүмкіндіктер туғызғанына баса назар аударды. 

«Қазақстандық қоғамда мемлекеттік бірегейліктің қалыптасу үрдісі байқалады. «Ұлттық қауіпсіздік», «ұлттық мүдде», «ұлттың салауаты», «ұлттың болашағы» және «Ұлт Көшбасшысы» терминдерінің кең таралуы оның табысты көрсеткіші саналады.  Белгілі терминдер биліктің, күнделікті қолданыс деңгейінде қазақстандық қоғамда кең қолданылып келеді. Олар белгілі бір этникалық топты ғана емес, жалпы Қазақстан халқы мағынасын береді», – дейді Ильдар Абужанұлы.