С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел өтті.

 «Президент – Қазақстан Республикасының саяси тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстелінің өтуіне С. Торайғыров атындағы ПМУ «Бірлік» студенттік Ассамблеясы ұйытқы болды.   

С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің құрметті профессоры, а.-ш.ғ.к., Мемлекет басшысының сыныптасы Болатжан Мұстафаев өз баяндамасында Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынас орната білгеніне баса назар аударды.  

ҚР Тәуелсіздігінің құрдасы – облыстық мәслихаттың депутаты Элина Паули өз сөзінде Елбасының жастарға деген сенімі, олардың қоғамдағы орны  турасында баяндады. Мұнымен қоса, депутат студенттерді қоғам үшін игі істер жасауға шықырды. «Марапат күтпеңіздер, іске көшіңіздер, сонда біз барлығымыз жыл өткен сайын Қазақстанды жаңа белестерге жетелейміз», – деді Элина Сергеевна.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары арасында жастар ұйымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды. Отырысты қорытындылай келе қатысушылар Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның көркеюі мен халқының жақсы өмір сүруі үшін ауқымды жобаларды іске асыру арқылы еліміздегі тұрақтылықтың кепілі болатынын тағы бір бекітті. Кезекті мәрте дөңгелек үстел қатысушылары Мемлекет басшысының «Біз бірге күштіміз» деген ұстанымымен келісті. Кездесуде қатысушылар бұл ұстанымның қарқынды дамып жатқан жаһан жағдайында өзектілігі арта түскеніне, және де, бұл сөздер қазақстандықтардың өмірлік қағидасы ретінде беки түскеніне көз жеткізді.