С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тәрбие және әлеуметтік мәселелер департаментінің директоры Қайырбай Ашенов күш үшсайысы бойынша әлем чемпионы атанды.

Алты күн бойы Мәскеу қаласында пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаты өтті. 26 елдің кіл мықты 1200 спортшылары жеке және командалық есепте бақтары мен баптарын сынады. Қазақстан командасының құрамында 50-ден аса спортшылар болды. 

50-59 жас санаты бойынша Қайырбай Ашенов жатып сығымдап көтеруден алтын медаль иегері атанды. Қайырбай Еркенұлының Мәскеуде көрсеткен нәтижесі – спортшының жеке рекорды. 90 келі салмақпен Қ. Ашенов 475 келіні еңсерді. 

Сондай-ақ, спортшы қанжығасына басқа да номинациялар бойынша жүлделерді байлады. Қайырбай Ашенов тамаша көрсеткіштерге қол жеткізіп, жалпы есепте күміс, тұрып көтеру бойынша қола жүлдегер атанды.