С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқу орданың профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында ректордың кубогына волейболдан турнир өтті.

Сайысқа С. Торайғыров атындағы ПМУ-інің проректорлық корпусы және сегіз факультеті қатысты.

Допты нысанаға дәлдеп лақтыру – оңай көрінгенімен, ептілік пен еңбекті талап ететін спорт түрі. Дегенмен, бұл ойынды нағыз өнерге айналдыру – ойыншылардың еншісіндегі іс.

Дода барысында командалар арасында доптың алаңнан шығып кетулері болды, алайда, күшті шабуылдар ғана ойынның мықтыларын анықтады. Сонымен, турнир нәтижесінде физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің ойыншыларынан бір партияға кем түскен сәулет-құрылыс факультеті командасы қола жүлдеге ие болды. Ал гуманитарлық-педагогикалық факультетінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

«Бірінші партияда командалар тең дәрежеде ойын көрсетті. Бірақ, ГПФ спортшылары қарсыласына төтеп беруі үшін көп күш жұмсаудың орнына лезде ойын тәсілін басқа арнаға өзгертіп, оза шапты. Жарыс кезінде ойыншылар арасындағы бәскелестік, жеңіске деген талпыныс айқын байқалды», – дейді С. Торайғыров атындағы ПМУ «Сұңқар» спорттық клубының төрағасы Жаудат Аблеев.