Халықаралық төзімділік күні С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен оқытушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. Сәуле Мамытованың жеткшілігімен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған заманауи қоғамдағы этникааралық және дінаралық төзімділік мәселелері бойынша онлайн-семинарға қатысты.

Семинар барысында ғалымдар мен еліміздің этномәдени бірлестік өкілдері 20-дан аса онлайн алаңдарына қатысты.

Жиылғандар ұлтаралық және конфессияаралық үрдістерін зерттеуге, азаматтар арасында төзімділік сезімін дамытуға, этномәдени бірлестіктер мен ғылыми қауымдастықтың қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған баяндамаларын оқыды.

«Бірлік» студенттік Ассамблеясының белсендісі Вероника Русанова өз сөзінде төзімділік мәселелері бүгінгі қоғамдағы өткір мәслелердің бірі екенін айтады. «Жаһанда қиян-кескі қақтығыстар, тіпті, соғыстар болуда. Болып жатқан оқиғаларды бағамдап, тәуелсіз Қазақстандағы бейбітшілік пен тыныштықты шын бағлай түсесің», – дейді Вероника.