С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары белгілі тарихшы-өлкетанушы, Павлодар қаласының құрметті азаматы Эрнест Соколкинмен кездесті.

Кездесу барысында 2007 жылы жарық көрген Эрнест Соколкиннің «Қаламыздың көшелері» атты кітабына шолу жасалды.

Эрнест Дмитриевич Павлодар көшелерінің атауларына байланысты қызықты тарихи деректерді баяндап берді.

«1919 жылы большевиктер қаладағы патшалық есімдерімен аталатын барлық көшелердің атауын өзгертті. 1945 жылы бүгінгі Байзақов, Короленко көшелері пайда болды, 1956 жылы тың игеру кездерінде көшелерге есімсіз атаулар жаппай беріле бастады – ол МДС кенті (машино-дорожная станция), Екінші Оңтүстік, Екінші Павлодар сынды атаулар қолданысқа енді», – дейді Эрнест Соколкин.

Мұнымен қоса, кездесу қонақтары қаланың басты көшелерінің бірі – Кутузов көшесі өз атауын 1962 жылы иеленгенінен хабардар болды. Өйткені, Кутузов атауы сол жылы атап өткен Бородин шайқасының 150 жылдығы құрметіне берілген. Көше атауы ресейлік қолбасшы және фельдмаршал Михаил Илларионович Кутузов-Голенищевтің есімімен аталды. Бұл көше сол уақытта ескі және жаңа қаланы байланыстырып тұрды.

Көркем әдебиет бөлімінің кітапханашысы Елена Лиханова көпшілік назарына ғылыми мақалалар, баяндамалар мен рефераттар дайындауға көмекші болатын Павлодар қаласы туралы кітапқа шолу ұсынды.