С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің көліктік техника және логистика кафедрасының доценті, аға оқытушы, металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-өндірістік шеберхана меңгерушісі Тоқтар Құмаров 75 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Тоқтар  Құмарұлы  Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келді. Ол кәсіптік-техникалық училищені тәмамдап, еңбек жолын тракторшы, комбайншы болып бастап, механик, бас инженер және ауылдық кеңестің төрағасы қызметтерін табысты атқарды. 

Ал, 1979 жылы Павлодар индустриалдық институтының автомобиль-трактор мамандығын игеріп шықты.

Сонымен қатар, Тоқтар Құмаровтың өндірістік кәсіпорындарының басшылық қызметтеріндегі еңбек тәжірибесін ерекше атап өтуге болады. 

Т. Құмаровтың қолынан 30-дан астам әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары және мақалалар жарыққа шықты.

Мерейтой иесінің қуанышын бөлісуге факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, әріптестері, шәкірттері келді. 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, техн.ғ.к., профессор Төлеуғазы Төкілұлы өз сөзінде ұстаздың өмірлік мол тәжірибесі мен кәсіби білімі іздемпаз жастарға бағыт-бағдар болып, өнеге болатынын айтты.