С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне география профессоры Мелинда Лайтури жұмыс сапарымен келді.

Колорадо мемлекеттік университетінен келген ғалым «Туризм» кафедрасының оқытушылары және жас ғалымдарымен кездесті. 

Мелинда Лайтуридің мәлімдеуінше, оның сапарының мақсаты – Павлодар қаласының көліктік-логистикалық хабтары үшін масштабты карталарды құру. 

Құрамына қаланың дерекқоры, инфрақұрылымдары енетін масштабты карталарды жасау үшін ArcGIS (Open Source) бастапқы ашық кодымен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады. 

Профессор Лайтуридің ескеруінше, оның жобасында қолданылған өнім Павлодардағы ішкі нарықта ұсынылған өнімдерден әлдеқайда сапалы. 

Бағдарламалық өнімнің негізгі ерекшеліктерінің бірі – көлемді 3D карта құрылымы, сондай-ақ, ашық жүйелі код есебімен 3D картографының икемділігі.

 ArcGIS платформасында Павлодардың картографиялық моделіндегі инфрақұрылым элементтерінің қатарына білім беру, басқару, мәдениет салаларын қосуға болады. 

Бұл жоба әлемнің Эфиопия, Непал, Колумбия, Перу, Украина, Индонезия сынды мемлекеттерінің алты шаһарында іске қосылды. Қонақ өз сөзінде Павлодар қаласы да айтулы жобаға қатысушы қала ретінде танылады деп үміт білдіруде.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержановтың айтуынша, кездесу барысында қонақтармен университеттің алдағы уақыттағы ынтымақтастығы жөнінде келісімдер жасалды. АҚШ елшілігі және Колорадо университетінің өкілдері университеттің серіктесі болуға дайын екендіктерін жеткізді.