С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесіне волонтерларды дайындау орталығының бір жылдығына арналған «Volunteers' Sensation Party» кеші өтті.

Жас еріктілердің мерекесі С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ЭКСПО-2017-ге волонтерларды дайындау орталығы, Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ қолдауымен Әлеуметтік волонтерлік орталығының ұйытқы болуымен жүзеге асты.

Еріктілер құрметіне арналған кеште  2015-2016 жылдары орталықтың атқарған жұмыстары сараланып, болашаққа бағдар жасалды. Бұл күні жастар еріктілер қозғалысының дамуына сеп болатын жаңа бастамаларға жігерленді.

Кеш барысында орталықтың волонтерлары халықаралық, республикалық және аймақтық іс-шараларда атқарған еңбектері үшін алғыс хаттармен мараптталды. Сонымен қоса, орталық үйлестірушісі Жанарсын Капеноваға Павлодар облысының волонтерлік қызметінің дамуына зор үлес қосқаны үшін алғыс хат табыс етті.  

Кеш қонағы Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарама жетекшісі Наталья Нефедованың айтуынша, бүгінде жас еріктілердің мәртебесі өсіп келеді. Өйткені, жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруда еріктіліердің атқарар еңбегі мол. 

Экспо-2017 волонтерларын дайындау орталығының еріктілері «Ертіс Инвест – 2015» халықаралық инветициялық форум, бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты (2016), сондай-ақ, қайырымдылық форумдар мен концерттерде ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарды.