C. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері республикалық студенттік олимпиадаларда жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келді.

«Азық – түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша өткен сайыста техн.ғ.к., профессор Ғалия Қажыбаеваның жеткшілігімен С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері Наталья Ромашева, Ләззат Смағұлова, Айнұр Мейрамова күміс жүлдені иеленіп келді. Сондай-ақ, Наталья Ромашева жеке есепте екінші орынға лайықты деп танылды. 

Ал малшаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы саласындағы жеке есепте Мадина Оспановаға екінші орын бұйырды. 

«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша Айгерім Сұлтанбекова мен Ерік Түсіповтің білімі қазылар алқасымен жоғары бағаланып, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

«Тірегі сендер елімнің» республикалық олимпиадасында Дәурен Рахманов, Жанар Жингулова, Диана Мұратхан, Бағұстар Сержан, Асылтас Құсайынов университет намысын қорғады. А.ш.ғ.к., Жастілек Уахитовтың жетекшілігімен қатысқан ПМУ-дың «14 регион» командасы «Инноваторлар» номинациясында жоғары бағаланды.