С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде бокстан студенттер арасында жеке біріншілігі өтті.

Жарысты Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитов ашып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Студенттер арасындағы бокс бойынша турнирінде С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың кіл мықты 53 боксшылары баптарын сынады. Былғары қолғап иелері бас қосқан бұл сайыс 7 салмақ дәрежелері бойынша өтті. 

49 келі дәрежесінде ССМ-101 тобының студенті Ерхан Жұмабек жеңімпаз атанды. 52 келі салмақ дәрежесінде МЖ-101 тобының студенті Сапар Назым үздік болды. 56 келіге дейін салмақ бойынша РЭжТ-103 тобының студенті Ержан Тастеміров жеңіске жетті. 60 келіге дейінгі боксшылар арасынан Кт-401 тобының студенті Ернар Әдемі мен Айшуақ Қасақов топ жарып шықты. Ал 64 келіге дейінгі сайыскерлер арасынан оза шапқан ЖЭ-101 тобының студенті Данабек Қаныхан болды. Ал 69 келіге дейінгілер арасында Алексей Семенчук үздік боксшы атанды. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ «Сұңқар» спорттық клубының төрағасы  Жаудат Аблеевтің мәлімдеуінше, жекпе-жек барысында боксшылар шеберліктерінің жоғары деңгейін көрсетті.

– Бұл сайыстың маңыздылығы басым. Спортшыларымыз үшін әрбір жекпе-жек маңызды. Олар жаттықтыруларға бар күшін, еңбегін, уақытын салады, әрине, сайыстарда зор жетістігін де көргісі келеді, – дейді Жаудат Шамильевич.